🔹Бүгін Алтай батыр ауылында ерекше тарихи сәт орын алды – жаңа әкімшілік ғимаратының салтанатты ашылу рәсімі өткізілді.
🔹Шараға аудан әкімі Айбек Көпенов, ауыл тұрғындары мен ардагерлер қауымы қатысты.
Салтанатты жиында аудан әкімі Айбек Көпенов жаңа ғимараттың маңыздылығына тоқталып, ауыл тұрғындарын құттықтады. Бұл – ауылымыздың әлеуметтік және инфрақұрылымдық дамуына бағытталған үлкен қадам.
🔹Жаңа ғимарат заманауи талаптарға сай салынған және барлық қажетті кабинеттермен жабдықталған. Ол келесі мүмкіндіктерді қамтиды:
✅ әкімдік қызметкерлеріне арналған кеңселер
✅ учаскелік полиция инспекторы мен ветеринар мамандарға арналған кабинеттер
✅ мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған арнайы жағдайлар
✅ заманауи жылыту жүйесі
Айта кетерлігі, Сартоғай ауылдық округі әкімдігінің бұрынғы ғимараты 1965 жылы салынған болатын және қазіргі таңда апаттық күйде болған. Жаңа ғимарат осы мәселелерді шешу және тұрғындарға тиімді қызмет көрсету мақсатында салынды.