🔹Аудан әкімі Айбек Купенов жұмыс сапары аясында бірқатар жол жөндеу нысандарын аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.
📍 Кемерши ауылына кіреберіс жол (0-14 км)
Мердігер: «Дорстрой» ЖШС
Қазіргі уақытта жолдың 1 шақырымына қиыршық тас төселді. Нысан басында 3000 м³ қиыршық тас жинақталған.
📍 «Қарауылкелді – Жарқамыс» бағыты (66-78 км)
Мердігер: «Шымкентдорстрой» ЖШС
Су ағар құбырларды ауыстыру және қосымша қиыршық тас төсеу жұмыстары жүргізілуде. 5 шақырым жолға қиыршық тас төселді. 4000 м³ материал нысан басында дайын.
📍 «Қарауылкелді – Жарқамыс» бағыты (35-50 км)
Мердігер: «Мерей и К» ЖШС
Қиыршық тас төсеу жұмыстары жүріп жатыр. Жақын арада 8 шақырым жолға асфальтбетон жабындысы төселетін болады.
✅ Аудан басшысы мердігер мекемелерге жұмыстың сапасы мен мерзімін қатаң сақтауды тапсырды.