🔹Аудан әкімі Айбек Көпеновтың бастамасымен Жарқамыс ауылында ұялы байланыс пен интернет сапасына қатысты өзекті мәселе қаралды.
🔹Кездесуге Ақтөбе облысының Цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Әсет Отарбаев, «Қазақтелеком» АҚ техникалық директоры Әсет Қобдабаев, «Кселл» АҚ өңірлік менеджері Ғалым Атамбаев арнайы келіп, жағдаймен танысты.
Мамандар байланыс мұнарасын қарап, қазіргі ахуалды зерделеді. Ауыл әкімі А.Жұбаналин, аудандық мәслихат депутаты Т. Сейлханов қатысқан кездесуде алдағы жоспарлар талқыланып, мәселенің шешілу жолдары ұсынылды.
✅ Байланыс сапасын жақсарту бағытында нақты шаралар қолға алынатын болады