⚜️Қазіргі таңда нысанның іргетасы қаланып, негізгі құрылымдары бой көтеріп жатыр. Жобаның мақсаты – жергілікті тұрғындарға салауатты өмір салтын ұстануға жағдай жасау және спорттық инфрақұрылымды дамыту.
Спорт кешенінде заманауи жабдықталған жабық бассейнмен қатар, жаттығу залдары, шағын футбол алаңы, киім ауыстыратын бөлмелер және жуыну аймақтары қарастырылған.
Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін де қолайлы жағдай жасалады.
Жалпы ғимарат екі бөліктен тұрады: бірі – бассейн мен спорт залдары орналасқан негізгі корпус болса, екіншісі – әкімшілік және қосымша қызмет көрсету аймақтарына арналған.
Кешен заманауи қауіпсіздік талаптарына сай салынып жатыр.
Құрылыс жұмыстары белгіленген кестеге сәйкес жүргізіліп, нысанды жыл соңына дейін толықтай аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда. Бұл жоба қала тұрғындары үшін ғана емес, жалпы аудан көлеміндегі спорттық іс-шараларды өткізуге мүмкіндік беретін маңызды нысан болмақ.