Аудан әкімі Асланбек Шүйіншәлиев Алға қаласында тұратын соғыс ардагерлерінің жұбайларын Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады.

Аудан әкімі Асланбек Шүйіншәлиев Алға қаласында тұратын соғыс ардагерлерінің жұбайларын Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады.

Ағымдағы жылы Жеңіс күні қарсаңында тыл ардагерлері мен олардың жұбайларына ерекше құрмет көрсетілді.

Алға қаласында 4 соғыс ардагерінің жұбайы тіркеуде тұр. Алайда қазіргі таңда олардың екеуі – денсаулық жағдайына байланысты Ақтөбе қаласында тұруда.

Ал Алға қаласында өмір сүріп жатқан Аметова Нұрсұлу әжей мен Кадырченова Людмила әжейге арнайы барып, аудан басшысы мерекелік лебізін білдіріп, сыйлығын табыстады. Қос әжей де бұл ілтипатқа риза болып, елге тыныштық пен амандық тіледі.

Аудан әкімі тыл ардагерлері мен олардың отбасыларына жасалып жатқан қамқорлық алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті. Бұл – өткенге деген тағзым мен болашақ ұрпаққа үлгі болатын игі дәстүр.