Құрметті кәсіпкерлер мен бизнес-қоғамдастығының өкілдері

Құрметті кәсіпкерлер мен бизнес-қоғамдастығының өкілдері

ХАБАРЛАНДЫРУ
Құрметті кәсіпкерлер мен бизнес-қоғамдастығының өкілдері!
Ақтөбе облысының әкімдігі жаңа инвестициялық ұсыныстар тізімін – «инвестицияға тапсырыстарды» қалыптастыруда.
Негізгі мақсат – өңдеу өнеркәсібін дамыту және тікелей шетелдік инвестицияларды тарту.
Жобаларды іске асыру үшін өңірде барлық қажетті жағдай жасалған: халықаралық әуежай базасында салықтық жеңілдіктер мен өзге де преференциялар қарастырылған арнайы экономикалық аймақ, Ақтөбе және Хромтау қалаларында индустриялық аймақтар.
Жаңа өндірістерді құру немесе қолданыстағы кәсіпорындарды кеңейту жөніндегі бастамаларыңызды жолдауға шақырамыз. Барлық ұсыныстар жүйеленіп, Қазақстан Республикасының шетелдегі дипломатиялық өкілдіктеріне жіберіліп, әлеуетті инвесторларға таныстырылады.
Ұсыныстарды жіберу үшін тиісті форманы толтыру қажет  docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLScco04ZHNc2H37lTPYuExbhBidFYMvAI7iZ1nRKlJzreK469Q/viewform?usp=header
Ұсыныстарды қабылдау мерзімі – 30 қыркүйекке дейін.
Байланыс: +7 778 007 0494, upiiraktobe@yandex.kz