Талғат Бигелдинов атындағы институт түлектері салтанатты түрде диплом алды

Талғат Бигелдинов атындағы институт түлектері салтанатты түрде диплом алды

Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері әскери институты жүзден аса түлегі «Қазақ халқына мың алғыс» стеласы жанында өткен салтанатты рәсімде дипломдарын алды. Іс-шараға Қорғаныс министрлігінің өкілдері, сала ардагерлері және өзге де құрметті қонақтар қатысты.

Шарадағы ең әсерлі сәттердің бірі - дәстүрлі офицерлік вальс. Би аяқталған соң лейтенант Әлихан Раушанбек сүйіктісі Ақботаға үйлену туралы ұсыныс жасап, романтикалық көңіл-күйді одан сайын күшейтті. Бұл сәт ақ көгершіндерді ұшырумен жалғасып, қатысушылар мен қонақтардың ыстық ықыласына бөленді.

Рәсім соңында түлектер мен курсанттар сап түзеп, салтанатты түпде шерулетті. Дәстүрге сай, түлектер аспанға тиындарды лақтырды, оны балалар қуана қағып алды.

Институт түлектері еліміздің түкпір-түкпіріндегі әскери бөлімдерге жіберіледі. Олардың міндеті — Қазақстанның әуе шекарасын қорғау, мемлекеттің қорғаныс қабілетін нығайту және азаматтардың бейбіт өмірін қамтамасыз ету.