Бүгін Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов 5 және 7-шағын аудандардың тұрғындарымен кездеседі.
Кездесуге Ақтау қалалық қоғамдық кеңес төрағасы, қалалық мәслихат депутаттары, қала әкімінің орынбасарлары мен мекеме және бөлім басшылары қатысады.
Аталған шағын аудандарға қатысты сұрақтарыңыз бен өтініштеріңіз болса сырт қалмаңыз.
Кездесу 17 қазан күні, сағат 17:00-де 5 ш/а 1 үйдің алдында өтеді.
Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі