2025 жылдың 15 қазанында Ақтау қаласының 7-шағын ауданында орналасқан «Жеңіс» алаңындағы орындықтар мен қоқыс жәшіктерінің бүлінгені туралы ақпарат әлеуметтік желілер арқылы таралған болатын.
Аталған дерек бойынша Ақтау қалалық полиция басқармасының Қоғамдық қауіпсіздік бөлімі қызметі жедел іздестіру жұмыстарын жүргізіп, құқық бұзушыны анықтады. Белгілі болғандай, вандализм фактісіне С есімді азамат қатысы бар екені дәлелденді.
- Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін оған Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы (ұсақ бұзақылық) және 147-бабы (қоғамдық тәртіпке нұқсан келтіру) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, іс сотқа жолданды, – деді Ақтау қалалық ПБ ҚҚБ бастығының м.а Нұрлан Рахаев.
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Қоғамдық орындар — баршамыздың ортақ игілігіміз. Оларға ұқыптылықпен қарап, ортақ мүлікті қорғауға шақырамыз.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі