Ақтауда қоғамдық қор теңіз жағалауында сенбілік өткізді

Ақтауда қоғамдық қор теңіз жағалауында сенбілік өткізді
Ақтауда «Жылы жағажай» аумағында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында «Біз адамбыз - біз біргеміз!» қоғамдық қоры сенбілік өткізді. Іс-шараға қала тұрғындары мен еріктілерден құралған 50 адам қатысты.

-Бүгін Ақтаудан 25 шақырым қашықтықтағы «Жылы жағажайда» тазалық жұмыстарын жүргіздік. Нәтижесінде 3 тонна қоқыс шығарылды. Табиғатты қорғау — әрқайсымыздың ортақ міндетіміз. Сондықтан мұндай сенбіліктер арқылы біз қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен жауапкершілікті арттыруды мақсат етеміз, - деді «Біз адамбыз - біз біргеміз!» қоғамдық қорының директоры Иманғазы Досмұхамбетов.

Сенбілікке белсене қатысқан ерікті Любовь Захарчук осындай іс-шаралардың жиі ұйымдастырылғанын қолдайтынын айтты.

-Қалада тазалық сақтау - әр адамның ішкі мәдениетінің көрінісі деп ойлаймын. Бәрі өзінен бастаса, айналамыз да өзгереді. Бүгін табиғат тазалығына үлес қостым. Осындай іс-шаралардың жиі ұйымдастырылғанын қолдаймын, - деді Любовь Захарчук.
 
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі