Ақтау қаласының 60 жылдық мерейтойының логотипін әзірлеу бойынша конкурс өткізу туралы ЕРЕЖЕ

  1. Жалпы ереже

1.1. Осы Ереже Ақтау қаласының 60 жылдығының логотипін әзірлеуге арналған шығармашылық конкурсты (бұдан әрі-Конкурс) ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды.

1.2. Конкурстың құрылтайшысы – Ақтау қаласының әкімдігі. Конкурсты ұйымдастырушы: «Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ, мекенжайы: Ақтау қаласы, 4 шағынаудан, 72 ғимарат, электрондық пошта мекен-жайы: aqtau.akimat@gmail.com.

 

  1. Конкурстың мақсаттары мен міндеттері

2.1. Конкурсты өткізудің негізгі мақсаты – Ақтау қаласында 2023 жылы өтетін мерейтойлық іс-шараларда пайдалану үшін заманауи, бірегей және есте қаларлық логотип жасау.

2.2. Міндеттері: фирмалық стильді қалыптастыру, шығармашылық әлеуетті дамыту және көпшіліктің назарын Ақтау қаласының тарихына аударту.

 

  1. Конкурсты өткізу мерзімдері

3.1. Конкурс 2023 жылғы 9 қаңтардан бастап 10 ақпанға дейін бірнеше кезеңде өткізіледі.

3.2. Конкурс кезеңдері:

2023 жылғы 9 қаңтардан 22 қаңтарға дейін – конкурстық ұсыныстарды әзірлеу, жұмыстар мен өтінімдерді қазылар алқасының қарауына жіберу;

2023 жылғы 23 қаңтардан 25 қаңтарға дейін – қазылар алқасының конкурстық жұмыстарды қарауы;

2023 жылғы 26 қаңтардан 9 ақпанға дейін – онлайн-дауыс беруді өткізу;

2023 жылғы  10 ақпан – Конкурс жеңімпазын хабарлау.

 

  1. Конкурсты өткізу шарттары

4.1. Конкурсқа қатысуға дизайн саласында білімі бар, ҚР азаматтары болып табылатын 18 жастан асқан заңды және жеке тұлғалар (бұдан әрі - Қатысушы) шақырылады.

4.2. Конкурсқа жеке және шығармашылық ұжымдардың да (білім беру мекемелері, студенттік топтар, үйірмелер мен шығармашылық шеберханалар, т.б.) құрамында орындалған логотиптер ұсынылады.

4.3. Әрбір Қатысушы Конкурс талаптарына сәйкес келетін бір логотипті ғана (бұдан әрі — Конкурстық жұмыс) ұсына алады.

4.4. Ұсынылған Конкурстық жұмысқа авторлық құқық қатысушыға тиесілі болуы тиіс. Қатысушы конкурстық жұмысты құру кезінде үшінші тұлғалардың авторлық құқықтарын бұзғаны үшін, сондай-ақ конкурсқа ұсынылған конкурстық жұмысқа авторлық (плагиат) бергені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.

Өзгелердің логотип дизайн идеяларын (толық немесе ішінара) пайдалануға қатаң тыйым салынады.

4.5. Конкурстық жұмысты конкурсқа жібере отырып Қатысушы конкурстық жұмыстарға қойылатын техникалық талаптарды қоса алғанда, осы Ережеде көрсетілген шарттармен, оның ішінде конкурстық жұмыстарды конкурстың жарнамалық, коммуникациялық және өзге де іс-шараларында пайдалану мүмкіндігімен келіседі. Конкурстық жұмыстардың авторлары конкурсты ұйымдастырушыларға алдын ала келісусіз суреттерді пайдалану құқығын, сондай-ақ интернет желісінде, баспа басылымдарында, теледидарда конкурстық жұмыстарды пайдалану құқығын береді.

4.6. Конкурсты ұйымдастырушылар жіберілген конкурстық жұмыстарды өз қалауы бойынша пайдалануға, яғни атрибутика, афиша, парақшалар, кәдесый өнімдері мен басқа да ақпараттық және бейне - материалдарды дайындауда пайдалануға құқылы.

4.7. Ұйымдастырушылар осы өзгерістерді интернет-ресурстарда міндетті түрде жариялай отырып, Ережеге өзгерістер енгізу құқығын өзіне қалдырады.

 

 

 

Ақтау қаласының 60 жылдық мерейтойының

логотипін әзірлеу бойынша жобалар конкурсына қатысуға

ӨТІНІМ

 

Жеке автор үшін:

Автордың Т.А.Ә.__________________________________________________ __________________________________________________________________

Жұмыс немесе оқу орны _____________________________________________

Туған күні, айы, жылы_______________________________________________

Байланыс телефоны (ұялы, жұмыс, үй) _________________________________        Е-mail_________________________________________________________

Авторлық ұжымдар үшін:

Ұжым атауы_______________________________________________ __________________________________________________________________

Ұжым жетекшісінің Т.А.Ә. ____________________________________ __________________________________________________________________ Байланыс телефоны (ұялы, жұмыс, үй) _________________________________

E-mail_____________________________________________________________

Байланыс ақпараттары көрсетіле отырып, шығармашылық ұжым қатысушыларының Т.А.Ә.:

__________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Дата публикации
09 января 2023