Жаңа жыл мерекесінде өрт қауіпсіздігін сақтау ережесі!

Жаңа жыл мерекесінде өрт қауіпсіздігін сақтау ережесі!

Жаңа жыл – адамдарды тек жарқын және жақсы эмоцияға бөлейтін керемет мереке. Өкінішке орай, өрт статистикасы дәл осы жаңа жыл кезеңінде оның арта түсетінін куәландырады. Сондықтан жаңа жылды өрт сияқты оқиғалармен көңілге кірбің түсірмей, жақсы өткізу үшін жаңа жылдық іс-шараларды өткізу кезінде өрт қауіпсіздігі ережесін сақтау қажеттілігі туралы естеріңізге саламыз.
Шыршаны орнатқанда оның бөлмеден шығуға кедергі келтірмей орналасуын қадағалау қажет. Шыршаны жылу беру батареясының жанына орналастырған қауіпті. Иллюминацияны қосқан кезде бөлмедегі жарықты толықтай өшіруге болмайды. Мереке аяқталған соң шыршаны үйде ұзақ ұстаудың қажеті жоқ. Синтетикалық материалдардан дайындалатын жасанды шыршалардың өрт шығу қаупі бар және олар жанған кезде денсаулыққа қауіпті улы заттар бөлінеді.
Жаңа жылды тойлау қарсаңында әр түрлі өрт шығу қаупі бар пиротехникалық құралдар қолданылады, олардың салдарынан өрттің шығуы, адамдардың жарақат алуы және мертігуі әбден мүмкін. Мұндай заттарды сатып алғанда бірнеше қағиданы естеріңізде ұстаған жөн. Пиротехниканың барлық түрі тек далада пайдалануға арналған!
- отшашуға арналған орынды таңдап алыңыз. Мұның кең ашық алаң болғаны дұрыс – мысалы, ағаштар мен құрылысы жоқ аула, бақ немесе алаң.
- таңдап алынған жерді мұқият қарап шығу керек, жанында өрт шығу қаупі бар объектілер, автомашина тұрақтары, ағаш қоралар немесе гараждар 100 метр радиуста болуы тиіс.
- отшашу кезінде айналасында түскен жапырақтар мен қылқандар, қураған шөп болмауы қажет, өйткені бұлар кенет ұшқын түскен болса, өртенуі мүмкін.
- өткір жел болған кезде желге қатысты қауіпті аймақтың көлемін 3-4 есеге ұлғайту қажет.
- егер сіздің аулаңыз шағын әрі тар болатын болса, онда петарда, шартылдақ, шығыр сияқты жерге жағылатын түрлерін ғана пайдалану қажет, мұндай жерде жоғары қарай ұшатын отшашу түрлерін тіпті қолдануға болмайды. Оларды тұрғын үйлер мен құрылыстардың қасында мүлде пайдалануға болмайды: олар терезеге немесе желдеткішке түсіп, шатырға өтіп, өрттің себебіне айналуы мүмкін. Ең дұрысы үйден тыс жерге барып пайдаланған жөн.

Бейнеу аданының төтенше жағдайлар бөлімі