Бейнеу ауданы мәслихатының кезекті VII шақырылымдағы депутаттарын сайлау қорытындысы туралы хабарлама

Бейнеу ауданы мәслихатының кезекті VII шақырылымдағы депутаттарын сайлау қорытындысы туралы хабарлама

2021 жылы 10 қаңтарда Бейнеу ауданы мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауы өтті.

Аудан бойынша сайлаушылар тізіміне 39 537 азамат енгізілді, оның 24 197 адамы немесе 61,20 пайызы бюллетень алды.

            Дауыс беруге 24 197 адам қатысты, 47 сайлаушы үй-жайынан тыс жерде дауыс берді.

            Сайлауға 4 саяси партия қатысты.

            Саяси партияларға дауыс беру кезінде келесі дауыстар берілді:

            Қазақстан халық партиясы – 0 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 0%;            «Nur Otan» партиясы – 19 578 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан дауыстарының 81,79 %;            «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 2061дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 8,61 %;            Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы – 2059 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 8,60%;            «ADAL» саяси партиясы - 239 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 1,00%.            Дауыс беруге қатысқандар санынан сайлаушылар дауысының жеті және одан көп пайызын алған саяси партиялар үшін депутаттық мандаттардың келесі бөлінуі белгіленді:            «Nur Otan» партиясы - 12 мандат;            «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 1 мандат;            Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы - 1 мандат.                                           

 

 Бейнеу аудандық сайлау комиссиясы