Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының Сарға, Есет, Төлеп ауылдары мен Сам ауылдық округі әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы Бейнеу аудандық сайлау комиссиясының хабарламасы

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының Сарға, Есет, Төлеп ауылдары мен Сам ауылдық округі әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы Бейнеу аудандық сайлау комиссиясының хабарламасы

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының Сарға, Есет, Төлеп ауылдары мен Сам ауылдық округі әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы Бейнеу аудандық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ 2021 жылдың 9 шілдесі сағат 18:00 де кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды. 3 ауыл мен 1 ауылдық округі бойынша барлығы 15 кандидат ұсынылды, оның ішінде саяси партиямен 6(40%) кандидат, өзін-өзі ұсыну жолымен 9(тоғыз) кандидат ұсынылды. Саяси партиялар 3 ауыл мен 1 ауылдық округ бойынша кандидатураларын ұсынды. «Nur Otan» партиясы бойынша 4 кандидат, «ADAL» саяси партиясы бойынша 1 кандидат, ЖСДП партиясы бойынша 1 кандидат ұсынылды. Орташа бәсекелестік 3-4 адамды құрады. Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнама талаптарына сәйкестігін анықтау және оларды тіркеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Кандидаттарды тіркеу 14 шілде 2021 жылы сағат 18:00-де аяқталады. Ағымдағы жылдың 9 шілдесіндегі жағдай бойынша барлық ауыл бойынша 2 адамнан аз емес кандидат ұсынылды. Кандидаттар шығып қалған немесе балама болмаған жағдайда ( сайлау округінде екіден кем кандидат), заңнамаға сәйкес ұсыну кезеңі 5 күннен аспайтын мерзімге ұзартылады. Ағымдағы жылдың 10 шілдесіндегі жағдай бойынша 13(86,6%) кандидат тіркелді. Оның ішінде 1(бір) кандидаттың лауазымы өз өтініші бойынша алып тасталынды. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5 бап 9 тармағына сәйкес, кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы ресми ақпарат БАҚ-та жарияланады. Бейнеу аудандық сайлау комиссиясы
Дата публикации
10 июля 2021