«Антиконтрафакт-2026» акциясы аясында өткен спорттық киім дизайны бойынша республикалық конкурстың жеңімпаздары анықталды

«Антиконтрафакт-2026» акциясы аясында өткен спорттық киім дизайны бойынша республикалық конкурстың жеңімпаздары анықталды

«Антиконтрафакт-2026» республикалық акциясы аясында ұйымдастырылған «Зияткерлік меншік және спорт: стартқа, назар, инновациялар» тақырыбындағы фитнеске арналған спорттық киім дизайны бойынша республикалық конкурстың қорытындысы шығарылды.

Конкурс тақырыбы Дуниежүзілік зияткерлік меншік күніне орайластырылып, шығармашылықты, инновацияны және спорт саласындағы зияткерлік меншікті қолдауға бағытталған.

Конкурсқа еліміздің әр өңірінен дарынды жастар қатысты. Қатысушылар спорттық сәннің заманауи үрдістерін, инновациялық көзқарасты идеяларын бейнелейтін 176 шығармашылық жұмыс ұсынды.

«Үздік киім дизайны» номинациясының жеңімпазы ретінде Қостанай қаласы білім бөлімінің М. Қозыбаев атындағы №23 жалпы білім беретін мектебі КММ, 11-сынып оқушысы Днепровская Дарья Сергеевна болып танылды.

Ал Instagram әлеуметтік желісінде 665 «лайк» белгісін жинаған Қызылорда қаласы «Абылай хан» атындағы Жоғары колледжі мекемесінің студенті Әділбекова Ақниет Шыңғысқызы «Көрермендер таңдауы» номинациясының жеңімпазы атанды.

Конкурс жеңімпаздары дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталады.