ҚР Әділет вице-министрі Ботагөз Жакселекова мен Еуразиялық экономикалық комиссияның экономика және қаржы саясаты жөніндегі алқа мүшесі (министрі) Бақыт Сұлтановпен кездесті

ҚР Әділет вице-министрі Ботагөз Жакселекова мен Еуразиялық экономикалық комиссияның экономика және қаржы саясаты жөніндегі алқа мүшесі (министрі) Бақыт Сұлтановпен кездесті

Кездесу барысында 28 мамырда Астанада Еуразиялық экономикалық форум аясында өтетін XIV халықаралық «Антиконтрафакт» форумын өткізу мәселесі  қарастырылды.

Тараптар жалпы отырысты және зияткерлік меншік саласын цифрландыруға, тұтынушыларды интернет-саудада қорғауға, ЕАЭО-да тауарларды таңбалау жүйесін дамытуға, техникалық реттеуге, жеңіл өнеркәсіп пен темекі саласындағы контрафактіге қарсы іс-қимылға, сондай-ақ жасанды интеллект дәуіріндегі медиаконтентке деген сенім мәселелеріне арналған 10 тақырыптық сессияны қарастыратын форум бағдарламасының жобасы талқыланды.

Шараға түрлі елдерден 500-ден астам делегаттар мен сарапшылар қатысады деп күтілуде.