Әділет министрлігінде Ерлан Сәрсембаевтың төрағалығымен Заң жобалау қызметі жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті

Әділет министрлігінде Ерлан Сәрсембаевтың төрағалығымен Заң жобалау қызметі жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті

Әділет министрі Ерлан Сәрсембаевтың төрағалығымен өткен кеңеске ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес сектордың өкілдері қатысты.

Ведомствоаралық комиссия отырысында мына мәселелер қаралды:
1. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне онлайн-платформалар және масс-медиа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасына реттеушілік саясаттың консультативтік құжаты жобасын қарастыру.
2. «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне онлайн-платформалар және масс-медиа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына реттеушілік саясаттың консультативтік құжатының жобасын қарастыру.
3. «Тұрғынжайларды табиғи апаттардан міндетті сақтандыру туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғынжайларды табиғи апаттардан міндетті сақтандыру, сақтандыру нарығын реттеу және дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының жобаларына реттеушілік саясаттың консультативтік құжатының жобасын қарастыру.
4. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына реттеушілік саясаттың консультативтік құжатының жобасын қарастыру.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша Ерлан Сәрсембаев заң жобаларын әзірлеуге қатысты мәселелерді талқылауға белсенді қатысқандары үшін комиссия мүшелеріне алғысын білдірді. Сонымен қатар тиімді заң шығару қызметін қамтамасыз ету үшін, алдағы уақытта осы бағытта белсенді жұмыс жалғастыру қажеттілігін атап өтті.

Ведомствоаралық комиссия заңнамалық актілердің жобаларын талқылау бойынша тиімді жұмыстарды атқара отырып, елдің дамуы мен азаматтардың құқықтарын қамтамасыз етуде қызметтерін жалғастыратын болады.