Әділет министрлігінде «Жеке өмір мен сөз бостандығының арақатынасы» тақырыбында адвокаттарға арналған семинар-тренинг өтті

Әділет министрлігінде «Жеке өмір мен сөз бостандығының арақатынасы» тақырыбында адвокаттарға арналған семинар-тренинг өтті

ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің қолдауымен іс-шара құқықтық көмек көрсету кезіндегі біліктілігін арттыру мақсатында адвокаттар мен заң консультанттары үшін семинар-тренингтер өткізу жөніндегі 2023 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы іс-қимыл жоспарын іске асыру аясында ұйымдастырылды.

Семинар-тренингтің спикері – профессор, заң ғылымдарының докторы, Әзірбайжан Республикасынан сайланған адам құқықтары жөніндегі Еуропалық соттың судьясы, Венеция комиссиясының, азаптаудың алдын алу жөніндегі Еуропалық Комитеттің және Еуропа Кеңесі жанындағы нәсілшілдік пен төзбеушілікке қарсы Еуропалық комиссияның мүшесі Лятиф Гусейнов болды.

Семинар барысында жеке өмір мен сөз бостандығы арасындағы тепе-теңдік, адамның жеке өмірі мен дербес деректерін қорғау, интернет пен әлеуметтік желілерді құқықтық реттеу мәселелері талқыланды.

Семинар-тренинг ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар өз сұрақтарына толыққанды жауап алып, тәжірибе алмасты.