Әділет министрі азаматтық қоғам өкілдерімен кездесті

Әділет министрі азаматтық қоғам өкілдерімен кездесті

24 қыркүйекте, Қазақстанның 12-ші Азаматтық форумы қарсаңында Әділет министрі Ерлан Сәрсембаевтың азаматтық қоғам өкілдерімен кездесуі өтті.

Министр азаматтық қоғамның маңызды рөлін атап өтті, әсіресе Әмбебап кезеңдік шолу және Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт аясында ұлттық баяндамаларды дайындау мен қорғау шеңберінде. Бұл күш-жігер Қазақстанның халықаралық беделін нығайтып, елдің адам құқықтары саласындағы халықаралық міндеттемелерге адалдығын растады.

Әділет министрлігімен Мемлекет басшысының цифрландыру мен жасанды интеллектті дамыту жөніндегі Жолдауында қойылған міндеттер аясында, әділет жүйесіндегі цифрлық трансформацияның барысын, оның әкімшілік кедергілерді және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтудағы рөлін, сондай-ақ халық үшін көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуін таныстырылды.

«Мемлекет басшысы жақында жасаған Жолдауында, сондай-ақ кеше БҰҰ-ның кезекті сессиясында Бас мінберден сөйлеген сөзінде ел дамуының негізгі бағдарларын айқындады. «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасы – әділетті де қуатты мемлекеттің негізі. Тұжырымдаманың ережелері әрбір азаматқа қатысты, оны ең алдымен әркім өзінен бастап жүзеге асыруы қажет», – деп атап өтті Әділет министрі.

Кездесу қорытындысы бойынша Министр азаматтық қоғам өкілдеріне сындарлы ынтымақтастық пен нәтижелі серіктестігі үшін алғыс білдіріп, бірлескен жұмысты жалғастыруға шақырды.