Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қазақстан халқының тілдері күнін атап өтті

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қазақстан халқының тілдері күнін атап өтті

2025 жылғы 24 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қазақстан халқының тілдері күнін атап өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Аппарат басшысы Сандуғаш Ерсеитова төрағалық етті.

Іс-шараның мақсаты – Қазақстан халқының тілдері күні мерекесі шеңберінде қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту және оның мәртебесін арттыру, сондай-ақ ұлт ұстазы, қазақ ғылымының негізін салушы ғалым, қайраткер Ахмет Байтұрсынұлының әдеби мұрасын дәріптеу.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ербол Тлешов қатысты.
Аталған іс-шара Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ведомстволарының, құрылымдық бөлімшелерінің және ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшылары мен қызметкерлерінің қатысуымен өтті.

Мерекелік іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ербол Тлешов «Ахмет Байтұрсынұлының әдеби мұрасы» тақырыбында дәріс оқып, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға тұшымды жауаптар алды.