Қазақстан Республикасы сот сарапшылары мемлекеттік тізімі

Сот сараптамасы органдарының қызметкерлері болып табылатын сот сарапшылары, сондай-ақ сот-сараптама қызметiмен айналысуға арналған лицензиясы бар адамдар туралы мәліметтер Қазақстан Республикасы сот сарапшыларының мемлекеттік тізіліміне енгiзiледi (бұдан әрі - Тізілім).

Тізілімде келесі мәліметтерді таба аласыз:

  • Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);
  • Білімі, ғылыми дәрежесінің, атағының болуы;
  • Сарапшылық мамандық (мамандықтар), сот сараптамасыныңбелгілі бір түрін жүргізу құқығынаберілетін біліктілік куәлігінің нөмірі мен берілген күні / сот сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензиясы бар адамдардың лицензиясының нөмірімен берілген күні;
  • Аттестаттаудан өткен күні;
  • Сот сараптамалары органдары қызметкерлерінің жұмыс орны және атқаратын лауазымы;
  • Ескертпе (лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, қайта бастау туралы деректер);

Қазақстан Республикасы сот сарапшылар палатасына мүшелік (Иә/Жоқ).  

Мемлекеттік тізілімге енгізілген сот сарапшылары туралы мәліметтерді қылмыстық, азаматтық істер бойынша, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша процесті жүргізуші орган (лауазымды адам), сот, прокурор, нотариус, процеске өзге де қатысушылар пайдаланады.

Тізілімге енгізілген мәліметтер қажеттілігіне қарай тұрақты негізде жаңартылады.

Сонымен бірге, Сот сараптамасы органдарының қызметкерлері туралы қосымша мәліметтерді «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптама орталығы» РМҚК-нің www.forensic.gov.kz сайтында, +7 (7172) 54-09-84, +7 (7172) 57-58-06 телефон нөмірлер және mail@cse.kz электрондық мекен-жай арқылы таба ала аласыз.

Сот-сараптама қызметiмен айналысуға арналған лицензиясы бар адамдар туралы қосымша мәліметтерді Қазақстан Республикасының Сот сарапшылары Республикалық Палатасының www.rpse.kz сайтында, +7 (701) 674-11-89 (WhatsApp, Telegram) телефон нөмірі және palatase.kz@mail.ru электрондық мекен-жай арқылы таба ала аласыз.

Қазақстан Республикасы сот сарапшылары мемлекеттік тізімі
Дата публикации
08 июля 2022