Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады.
ҚР Мемлекеттік рәміздер туралы.
Қазақстан Республикасының Президенті - мемлекет басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын белгілейтін, елдің ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін оның жоғары лауазымды тұлғасы. Президент - халық пен мемлекеттік биліктің бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының символы мен кепілі.
Үкімет атқарушы билікті жүзеге асырады, атқарушы органдар жүйесін басқарады және олардың қызметін басқарады.
Заң шығару қызметін тұрақты негізде жұмыс жасайтын екі палатадан – Сенаттан және Мәжілістен тұратын Қазақстан Республикасының Парламенті жүзеге асырады.
Сенат конституциялық заңда белгіленген тәртіппен әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан өкілдік ететін депутаттардан құралады. Сенаттың он депутатын, оның ішінде бесеуін Қазақстан халқы Ассамблеясының ұсынысы бойынша Республика Президенті тағайындайды.
Мəжіліс конституциялық заңда белгіленген тəртіппен аралас сайлау жүйесі бойынша: біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша пропорционалды өкілдік ету жүйесі бойынша, сондай-ақ бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын тоқсан сегіз депутаттан тұрады
Қазақстандағы пайдалы телефон нөмірлері
📞 Төтенше қызметтер:
🚔 Полиция – 102
🔥 Өрт сөндіру қызметі – 101
🚑 Жедел медициналық жәрдем – 103
🆘 ТЖ бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметі – 112
💨 Газдың авариялық қызметі – 104
💙 Психологиялық көмек қызметі – 150
Сақ болыңыз және төтенше жағдайда бұл нөмірлерді сақтаңыз!