Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасы (МО ИРБП, gov.kz) жұмыс тобы жүргізген қолжетімділік аудитінен өтті. Аудит нәтижелері бойынша жүргізілген тексеру шегінде WCAG 2.2 AA деңгейінің және ҚР СТ 2191-2023 ұлттық стандартының талаптарына сәйкестік расталды.
Пысықтау барысында ақпарат құрылымы реттелді, интерактивті элементтердің атаулары, рөлдері мен күйлері көмекші технологияларға дұрыс берілуі қамтамасыз етілді.
Қолжетімділікті қамтамасыз ету жұмысы жалғасуда. Файлдар мен олардың мазмұнын пысықтау қажет: PDF және басқа құжаттардың мәтіндік қабатын, құрылымын және оқудың дәйекті ретін қамтамасыз ету, мағыналық суреттерді балама сипаттамалармен толықтыру. Сондай-ақ кестелердің мазмұнына қатысты ескертулерді жою — тақырыптарды және олардың ұяшықтармен байланысын белгілеу қажет. Бұл жақсартулар экрандық дикторларға құжаттарды дұрыс оқуға, суреттердің мазмұнын және кесте деректерінің мағынасын жеткізуге мүмкіндік береді.
