Маңғыстау облысында 16 наурыздан бастап жалпы халықтық сенбілік басталды

Маңғыстау облысында 16 наурыздан бастап жалпы халықтық сенбілік басталды

Маңғыстау облысы әкімдігінің 05.03.2018 жылғы № 36 «Облыс елді мекендерінің аумақтарын көгалдандыру, абаттандыру және санитарлық тазарту іс-шараларын өткізу туралы» қаулысына 09.04.2019 жылы №40 өзгерістер енгізіліп, әр жылдың 15 наурыз - 30 сәуір және 15 қыркүйек-15 қазан аралығында елді мекендер аумақтарын көгалдандыру, абаттандыру мен санитарлық тазарту іс-шараларын өткізу міндеттелген.

Өңірімізде көктемгі сенбілік жұмыстары а. ж. 16-наурыздан бастау алды.

Аталған шара, облыс бойынша қала, аудандарда, елді-мекендерде аумақтарды қоқыстан тазарту және халықты тазалыққа, бірлікке, жауапкершілікке шақыру, экологиялық сауаттылықты үгіттеу жұмыстары жүргізіліп отыр.

Сонымен қатар, көшелер мен саябақтарды, мекемелер мен үйлердің ауласын қоқыс пен тұрмыстық қалдықтарды тазартып, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.

Шараға, қала, аудан әкімдіктері, мемлекеттік мекемелер, мектеп, балабақша, мекеме, кәсіпорындар, эко белсенділер сонымен қатар тұрғындарда қатысты.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 6-сәуірден бастап 11-мамыр аралығында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы шеңберінде сенбілік жұмыстарын жалғастыру бойынша тапсырма берілді.

«Таза Қазақстан» Республикалық экологиялық акциясы бойынша

1-кезең «Таза өлке» (6-13 сәуір аралығы)

2-кезең «Киелі мекен» (13-20 сәуір)

3-кезең «Жасыл аймақ» (20-27 сәуір)

4-кезең «Өнегелі ұрпақ» (27 сәуірден бастап 4 мамыр)

5 кезең «Мөлдір бұлақ» (4-11 мамыр аралығында)

 

Ақтау қаласы бойынша санитарлық тазалық жұмыстары 9 А шағын аудан «I love Aktau» композициясынан «Самал» теңіз жағалауына дейінгі аумақта қураған қамыстардан тазалау жұмыстары бірнеше рет өткерілді. Теңіз жағалауынан 36 техникамен қамыс қалдықтары шығарылды.

Сенбілікке 16 наурыздан бастап 20 сәуір аралығында облыс бойынша 19796 адам қатысып, 286 жүк тиеуші және тасымалдаушы техникалар жұмылдырылды. 484 тонна қалдықтар жиналды.

Сонымен қатар, 37 ден астам тарихи мәдени ескерткіш орындарында 110 астам мекемелер және студенттер сенбілік жұмыстарын ұйымдастырды.

Шара әр аптының сенбі күндері 11 мамырға дейін жалғасатын болады.