Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Департамент туралы
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Қызметі
Онлайн қабылдау
Все материалы
08 июня 2026
📌Коммуникация саласындағы заманауи тәсілдер семинарда талқыланды
⚡️Бурабай кентінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ұйымдастыруымен «Денсаулық сақтау саласындағы тиімді коммуникациялар» атты семинар-тренинг өтті. Іс-шара өңірлік баспасөз қызметтері қызметкерлерінің және денсаулық сақтау органдарындағы ақпараттық жұмысқа жауапты мамандардың кәсіби құзыреттерін арттыруға бағытталды.
✨Тренингтің негізгі мақсаты – бұқаралық ақпарат құралдарымен тиімді өзара іс-қимыл жасау бойынша практикалық дағдыларды дамыту, сондай-ақ дағдарыстық коммуникациялар құралдарын жетілдіру.
✨Екі күндік бағдарлама аясында қатысушылар коммуникациялық стратегияны қалыптастырудың заманауи тәсілдерін, дағдарыстық жағдайларда әрекет ету алгоритмдерін, ақпараттық күн тәртібін қалыптастыру және қоғамдық пікірді басқару әдістерін меңгерді. Сондай-ақ нақты жағдайларды (кейстерді) практикалық тұрғыда талдауға, бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс істеуге, түсініктемелер мен баспасөз хабарламаларын дайындауға, журналистермен тиімді қарым-қатынас орнатуға ерекше назар аударылды.
⚡️Спикерлер мен сарапшылар ретінде медиакоммуникациялар, PR және дағдарысқа қарсы басқару салаларының мамандары сөз сөйледі.
Семинарды өткізу ақпараттық жұмыстың сапасын арттыруға, мамандардың кәсіби дағдыларын нығайтуға және бұқаралық ақпарат құралдары мен жұртшылықпен тиімді өзара іс-қимыл тетіктерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы
08 июня 2026
📌Тамақтан улану және алдын алу шаралары!
✨Тамақтан улану халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Улану патогендермен, токсиндермен немесе химиялық заттармен ластанған тағамды жеу салдарынан пайда болады.
⚡️Тамақтан улану - сапасыз немесе ластанған тағамдарды жегеннен кейін пайда болатын ауру. Оған себеп көбінесе сальмонеллалар, стафилококктар, ішек таяқшасы сияқты бактериялар, сондай-ақ олардың токсиндері. Тамақтан уланудың негізгі себептері - азық-түлікті сақтау шарттарының бұзылуы (температуралық режим), термиялық өңдеудің жеткіліксіздігі, сақтау мерзімдерінің бұзылуы, жеке гигиена ережелерінің бұзылуы, тоғыспалы ластану (шикі өнімнің дайын өніммен байланысы), сапасыз суды пайдалану және қоғамдық тамақтану объектілерінде санитариялық талаптардың сақталмауы. Тамақтан улану белгілері - жүрек айну, құсу, диарея, іш ауруы, дене температурасының жоғарылауы, жалпы әлсіздік.
✨Егер бұл белгілер пайда болса, уақтылы медициналық көмекке жүгіну керек.
📌Тамақтан уланудың алдын алу үшін келесі алдын алу шараларын сақтау қажет:
1. рұқсат етілмеген сауда орындарынан белгісіз адамдардан азық-түлік өнімдерін, үйде дайындалған өнімдерді (саңырауқұлақтар, кондитерлік өнімдер, үйде консервіленген өнімдер) сатып алмаңыз;
2. азық-түлік сатып алғанда олардың жарамдылық мерзіміне және сақтау температурасына назар аударыңыз;
3. жарамдылық мерзімі өткен немесе сақтау шарттары бұзылған тағамдарды тұтынбаңыз;
4. тоңазытқышта шикі және дайын тағамдарды бір-бірінен бөлек сақтауды қамтамасыз етіңіз;
5. көкөністерді, жемістерді, жидек пен шөптерді қолданар алдында жақсылап жуыңыз;
6. шіріген, бүлінген, қабығының тұтастығы бұзылған көкөністер мен жемістерді сатып алмаңыз, тұтынбаңыз;
7. қаптаманың тұтастығы бұзылған және таңбалау белгілері (жапсырмалары) жоқ тамақ өнімдерін сатып алмаңыз;
8. тамақ дайындамас бұрын, тамақтанар алдында және дәретханаға барғаннан кейін қолыңызды жуыңыз;
9. термиялық өңдеуге жататын өнімдердің (ет, құс еті, балық, жұмыртқа) сапалы дайындалуын қамтамасыз етіңіз. Дұрыс орындалған термиялық өңдеу жұқпалы аурулар қоздырғыштарының (сальмонеллез, іш сүзегі, ішек инфекциясы) өлуін және токсиндердің жойылуын қамтамасыз ететінін естен шығармаңыз жөн;
10. тағам дайындау үшін және тұтынуға герметикалық жағдайы бұзылған, қампайған, тот басқан, деформацияланған консервілерді, әр түрлі қоспалармен және қойма зиянкестерімен ластанған жарма, ұн, кептірілген жемістерді пайдаланбаңыз;
11. азық-түлікті қаптау және сақтау үшін тек азық-түлікпен бірге пайдалануға рұқсат етілген буып-түйетін материалдарды, құралдарды және ыдыстарды пайдаланыңыз.
📌Осы ұсыныстардың барлығын орындау Сіздің денсаулығыңызды сақтайды! Өзіңізді сақтаңыз және сау болыңыз!
Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы
03 июня 2026
Балалар мен жасөспірімдер арасындағы жарақаттанудың, жазатайым оқиғалардың және зиянды әдеттердің алдын алу

Балалардың және жасөспірімдер арасындағы жарақаттану медициналық-әлеуметтік проблемалардың бірі болып қалады, себебі бұл көбінісіне денсаулық жағдайына, өмір сапасына әсер ететін ауыр зардаптарға әкеледі, ал кейбір жағдайларда  мүгедектік пен өлімге әкеледі.

Балалардың жарақаттануының ең көп таралған себептерінің бірі тұрмыстық жарақаттар, құлаулар, суға батуы, жол-көлік оқиғалары, күйіктер, уланулар және электр тогының соғуы болып табылады. Жазатайым оқиғалардың көп бөлігі ересектердің жеткіліксіз бақылауы және қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан болады.

Ең қауіпті жағдайлардың бірі – балалардың терезеден құлауы. Жыл сайын мұндай жағдайлар балалардың ауыр жарақаттануына және қаза болуына әкеледі.

Жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін:

  • кішкентай балаларды қараусыз қалдырмау;
  • жиһазды терезелерге жақын қоймау;
  • терезелерді ашуды шектеуге арналған арнайы құлыптағыштарды пайдалану; · масаға қарсы торлар балаларды құлаудан қорғамайтынын есте ұстау;
  • балалармен қауіпсіздік ережелері туралы үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет.

Балалардың белсенді ойындар ойнағанда, спортпен айналысқанда және серуендегенде жарақаттанудың ең көп кездесетін себептерінің бірі  құлаулар болып табылады.    

Жарақаттану тәуекелін азайту үшін:

  • балалардың қауіпті жерлерде ойнауына жол бермеу;
  • велосипед, роликтер мен самокаттарды тепкен кезде қорғау құралдарын (шлемдер, шынтақ және тізелік қорғағыштар) пайдалану;
  • үйде және ойын алаңдарында қауіпсіздік шараларын сақтау қажет.

Ерекше назар күйіктің алдын алуға бөлу:

  • балалардың қолы жетпейтін жерде сіріңке, оттық және жанғыш заттарды сақтау;
  • ыстық тамақты, шәйнектерді, үтіктерді және электр құралдарын қараусыз қалдырмау;
  • балалардың ашық отқа және жылыту құралдарына қол жеткізуін шектеу қажет.

Жазғы маусымда балалардың өліміне себеп болатын негізгі факторлардың бірі суға бату болып табылады.

Негізгі профилактикалық шаралар:  

  • балаларды су айдындардың жанында қараусыз қалдырмау;
  • балаларды суда қауіпсіз мінез-құлық дағдыларына үйрету;
  • суда жүзу кезінде және қайықпен жүргенде құтқару жилеттерін пайдалану;
  • тек рұқсат етілген және жабдықталған жерлерде ғана жүзу;
  • балалардың ересектердің қадағалаусыз суға жақындауына жол бермеу.

Ересектердің тіпті қысқа мерзімді бақылаудың жоқтығы салдарынан трагедиялық оқиғаларға әкелуі мүмкін. Тұрмыстық химиялық заттар, дәрі-дәрмектер, қышқылдар және басқа да қауіпті заттар балалардың қолы жетпейтін, жабық жерде:

  • дәрі-дәрмектерді және химиялық заттарды тағамдық өнімдерден бөлек сақтау;
  • қауіпті сұйықтықтарды сусын бөтелкелеріне құймау;
  • электр розеткаларын арнайы тығындармен жабу;
  • балалардың бұзылған электр құралдарымен және сымдармен қатынасуына жол бермеу қажет.

Профилактиканың маңызды бағыты – балалардың жолдарда қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Ата-аналарға:

  • балаларын ерте жастан жол қозғалысы ережелерімен таныстыру;
  • жолды тек белгіленген жерлерде ғана кесіп өту;
  • автокөлікте балаларға арналған ұстағыштарды және қауіпсіздік белдіктерін пайдалану;
  • өз үлгісімен жол қозғалысы ережелерін сақтауды көрсету керек.

Жасөспірімдер арасында темекіні, алкогольдік өнімдерді, электрондық темекілерді, вейптерді және психоактивтік заттарды қолданудың таралуы алаңдаушылық тудырады. Бұл заттарды қолдану денсаулыққа кері әсер етеді:

  • жүрек-қан тамырлар және тыныс алу жүйесінің жұмысын бұзады;
  • тәуелділіктің қалыптасуына әкеледі;
  • психоэмоционалдық жағдайды нашарлатады;
  • жасөспірімдердің оқу үлгерімін және әлеуметтік бейімделуін төмендетеді.

Алдын алу үшін:

  • балалар, жасөспірімдер және ата-аналар арасында үнемі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
  • жастардың денсаулыққа пайдалы өмір салтына деген құштарлығын қалыптастыру;
  • спорттық және ойын-сауық шараларын дамыту;
  • тәуекел тобын уақтылы анықтау;
  • кәмелетке толмағандарға темекі және алкогольдік өнімдерді сатуды бақылауды күшейту қажет.

Жарақаттанудың, суға батудың, балалардың терезеден құлауының алдын алу, сондай-ақ темекіні, алкогольді және психоактивтік заттарды тұтынудың алдын алу қоғамдық денсаулық сақтаудың маңызды міндеттері болып табылады. Ата-аналардың, педагогтардың, медицина қызметкерлері мен қоғамның бірлескен жұмысы ғана балалардың денсаулығы мен өмірін сақтауға мүмкіндік береді.

Өзіңізді және балаларыңызды сақтаңыз!

01 июня 2026
Солтүстік Қазақстан облысында семинар өтті
СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде Департамент басшысының орынбасары – Әдеп жөніндегі уәкіл
С.М. Барменбаевтың төрағалығымен департамент пен аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандарының қатысуымен семинар-кеңес өтті.
⚡️Іс-шара барысында Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Дін істері басқармасының өкілі мемлекеттік қызметшілердің деструктивті діни ағымдардың қызметіне тартылуына жол бермеу мәселесі бойынша баяндама жасады.
✨Сондай-ақ Департамент басшысының орынбасары – Әдеп жөніндегі уәкіл
С.М. Барменбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын сақтау және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарын орындау мәселелерін қарастырды.
✨Бұдан бөлек, қатысушылар прокуратура органдарының ұсынуларын, әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі соттың жекеше қаулысын, сондай-ақ 2026 жылдың I тоқсанындағы әкімшілік іс жүргізу нәтижелерін талқылады.
⚡️Семинар-кеңес қорытындысы бойынша заңнама талаптарын сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша тиісті түсіндірмелер мен ұсынымдар берілді.
Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы
26 мая 2026
📌Құрбан айт: мерекені қауіпсіз өткізіп, тағамнан уланудың алдын алу жолдары
Құрметті қазақстандықтар!
✨Сіздерді шын жүректен келе жатқан қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтаймыз! Бұл ұлық мереке мейірімділік, ізгілік, бірлік пен рухани тазарудың символы болып табылады. Құрбан айт әр шаңыраққа тыныштық, береке, татулық пен молшылық әкелсін!
⚡️Қасиетті Құрбан айт мерекесі қарсаңында тұрғындарға мал сату, сою және тағам дайындау кезінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау қажеттігін еске саламыз. Бұл тағамнан уланудың, жіті ішек инфекциялары мен аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алуға көмектеседі.
✨Мал сату және сою кезінде: малды сату мен құрбан шалуды тек арнайы белгіленген орындарда жүргізу, жануарларға ветеринариялық құжаттардың болуы, сою орындарында санитариялық талаптарды сақтау: су, кәріз жүйесінің болуы, қалдықтарды уақтылы шығару және жою, қызметкерлердің медициналық кітапшаларының болуын және жеке гигиенаны сақтауын қамтамасыз ету қажет.
✨Үй жағдайында: қол жууға жағдай жасау, бөлмелерді тұрақты түрде желдетіп отыру, өнімдерді тек қауіпсіздігін растайтын құжаттары бар сенімді орындардан сатып алу, үйде дайындалған консервілерді қолданар алдында 15-20 минут термиялық өңдеуден өткізу, тез бұзылатын тағамдарды дайындалғаннан кейін бірден тұтыну және сақтау талаптары бұзылған жағдайда пайдаланбау, инфекциялық және тері ауруларының белгілері бар адамдарды тағам дайындауға жібермеу ұсынылады.
✨Тамақтану нысандары мен мешіттерде: суық және ыстық сумен үздіксіз қамтамасыз ету, қол жууға және кептіруге арналған құралдардың болуы, желдету және кондиционерлеу жүйелерінің жарамды жұмыс істеуі, тағам өнімдеріне құжаттардың болуы, санитариялық талаптардың сақталуы, қызметкерлерде медициналық кітапшалардың болуы және күнделікті ауысым алдындағы медициналық тексеруден өтуін қамтамасыз ету қажет.
📌Санитариялық талаптарды сақтамау тағамнан улануға және жұқпалы аурулардың халық арасында таралуына әкелуі мүмкін.
Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы
26 мая 2026
📌Жедел ішек инфекциялары: денсаулықты сақтау және алдын алу шаралары
✨Жедел ішек инфекциялары — бактериялар мен вирустар арқылы туындайтын және көбінесе ластанған азық-түлік, су, лас қолдар мен тұрмыстық заттар арқылы таралатын аурулар тобы.
⚡️Аурудың жасырын кезеңі 6 сағаттан 2 тәулікке дейін созылуы мүмкін. Ең жиі кездесетін қоздырғыштарға сальмонеллалар, шигеллалар (дизентерия қоздырғыштары), ротавирустар мен энтеровирустар жатады. Ішек инфекцияларына 5 жасқа дейінгі балалар, егде жастағы адамдар, асқазан-ішек жолдарының созылмалы аурулары бар тұлғалар және иммунитеті әлсіреген азаматтар аса бейім келеді.
✨Жұқтырудың алдын алу үшін қарапайым профилактикалық шараларды сақтау қажет: азық-түлік өнімдерінің жарамдылық мерзімін мұқият тексеру, көкөністер мен жемістерді ағын сумен жақсылап жуу, бұзылу белгілері бар өнімдерді тұтынбау, тағамды сақтау талаптарын сақтау және дайын тағамдарды бөлме температурасында екі сағаттан артық қалдырмау.
⚡️Тамақ ішер алдында тағамды мұқият қыздыру, сондай-ақ шикі және дайын өнімдердің жанасуына жол бермеу ұсынылады. Жеке бас гигиенасына ерекше көңіл бөлу қажет — тамақтанар алдында, дәретханаға барғаннан кейін және ас дайындау кезінде қолды сабынмен үнемі жуу керек.
⚡️Азық-түлікті жәндіктер мен кеміргіштерден қорғау маңызды. Ішуге және ас дайындауға тек қайнатылған немесе бөтелкедегі суды пайдалану, ашық су көздерінен су ішпеу және тек арнайы жабдықталған орындарда шомылу, судың ауызға түсуінен сақтану қажет.
⚡️Қарапайым профилактикалық шараларды сақтау денсаулықты қорғауға және жедел ішек инфекцияларының таралуының алдын алуға мүмкіндік береді. Аурудың алғашқы белгілері пайда болған жағдайда уақытылы медициналық көмекке жүгіну қажет.
Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы
25 мая 2026
📌 Эбола: шетелге шыққанда нені ескеру қажет
⚡️Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Конго Демократиялық Республикасында және Угандада тіркелген Эбола қызбасының өршуіне байланысты халықаралық маңызы бар төтенше жағдай жариялады. Аурудың таралуына Эбола вирусының сирек түрі — Bundibugyo штаммы себеп болып отыр. Қазіргі таңда бұл штаммға қарсы арнайы вакцина да, нақты емі де жоқ.
✨Эбола вирусы жұқтырған адаммен немесе жануарлармен тығыз байланыс кезінде, олардың биологиялық сұйықтықтары арқылы беріледі. Сондықтан жеке бас гигиенасын сақтау, сапар кезінде сақтық шараларын ұстану және дер кезінде медициналық көмекке жүгіну аса маңызды.
⚡️Сапарға шығар алдында баратын елдегі эпидемиологиялық жағдаймен алдын ала танысып алған жөн.
⚡️Шетелден оралғаннан кейін денсаулық жағдайын бақылауда ұстау қажет. Егер қандай да бір белгілер пайда болса, дереу дәрігерге қаралып, сапар фактісін міндетті түрде хабарлау керек. Өз бетінше емделуге болмайды.
✨Шетелге шығар алдында сақталуы тиіс негізгі алдын алу шаралары карточкаларда берілген.
Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы
25 мая 2026
📌КЕНЕ ШАҒУЫНАН ҚАЛАЙ ҚОРҒАНУҒА БОЛАДЫ ЖӘНЕ КЕНЕ ЭНЦЕФАЛИТІ ТУРАЛЫ НЕНІ БІЛУ КЕРЕК?
🌱 Көктем мезгілінің басталуымен кенелердің белсенділік кезеңі басталады. Қазіргі таңда облыста кене шағуына байланысты 419 адам дәрігерлерге жүгінген, алайда кене энцефалиті жағдайлары тіркелген жоқ.
🙌СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мынаны ескертеді: қарапайым алдын алу шаралары ауыр салдардың алдын алуға және денсаулықты сақтауға көмектеседі.
🔹 Кене энцефалиті — кененің шағуы арқылы берілетін вирустық ауру, ол ми мен жұлынды зақымдауы мүмкін. Ауыр жағдайларда бұл дерт күрделі асқынуларға әкелуі ықтимал, сондықтан дер кезінде қорғану шараларын қабылдау маңызды.
📌 Бүгінгі таңда эпидемиологиялық жағдай тұрақты:
• ауру жағдайлары тіркелмеген;
• кене шағуына байланысты 419 адам медициналық көмекке жүгінген, оның ішінде 14 жасқа дейін балалар арасында - 111 шағу.
👌 Кене шағуының профилактикасы шаралары қарапайым әрі қолжетімді:
- Вакцинациялау — ең сенімді қорғаныс тәсілі (алдын ала жоспарлаған жөн);
- Киім — жабық, ашық түсті, жеңі тығыз манжеталы болуы тиіс;
- Репелленттер — кенелерге қарсы арнайы құралдарды пайдалану;
- Табиғаттағы мінез-құлық — биік шөптерден аулақ болу, өзіңізді және балаларды үнемі тексеріп отыру;
- Қауіпсіз тамақтану — сүтті міндетті түрде қайнатып ішу.
🔹 Егер кене теріге жабысып қалса, сабыр сақтап, дұрыс әрекет ету қажет:
- кенені пинцет немесе жіп көмегімен абайлап алып тастау;
- шағу орнын антисептикпен өңдеу;
- мүмкіндігінше кенені зертханаға талдауға тапсыру;
- міндетті түрде дәрігерге қаралу — қажет болған жағдайда 72 сағат ішінде иммуноглобулин енгізіледі.
СҚО СЭБД мынаны атап өтеді: кене энцефалиті — басқарылатын қауіп. Қарапайым қағидаларды сақтау және дер кезінде медициналық көмеккежүгіну өзіңізді және жақындарыңызды тиімді қорғауға мүмкіндік береді.
💪 Өзіңізді сақтаңыз және табиғат аясында демалу кезінде мұқият болыңыз.
Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы
19 мая 2026
Қауіпсіз сүт өнімдерін таңдаймыз

Сүт және сүт өнімдері халықтың рационында маңызды орын алады және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік санатына жатады. Олар ақуыздың, кальцийдің, витаминдердің және басқа да қажетті заттардың көзі болып табылады, сондықтан олардың сапасы мен қауіпсіздігі ерекше маңызға ие.

Қазақстан Республикасында осы өнім санатына қойылатын талаптар «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» КО ТР 033/2011 техникалық регламентпен реттеледі. Бұл құжат өнімнің өмірлік циклінің барлық кезеңдеріне – өндірістен бастап соңғы тұтынушыға сатуға дейін қатысты міндетті нормаларды белгілейді. Регламент талаптарына сәйкес, сүт өнімдерінің құрамында сүт емес компоненттерді, соның ішінде өсімдік тектес майлар мен ақуыздарды пайдалануға рұқсат етіледі. Алайда, бұл жағдайда өндіруші тұтынушыны дұрыс хабардар етуге міндетті. Мұндай өнімнің атауы «сүтті май алмастырғышы бар сүтті өнімі» деген сөздермен басталуы керек, бұл сатып алушыға өнімнің құрамы туралы жаңылыспай, саналы таңдау жасауға мүмкіндік береді.

Жекелеген өнім түрлеріне қатысты белгілі бір талаптар қойылады. Мысалы, спредтер үшін ораманың алдыңғы немесе көруге қолайлы бөлігіне 2,5 мм-ден кем емес мөлшерде оқылмалы шрифтпен атауын міндетті түрде жазу көзделген. Бұл ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету және тұтынушылардың құқықтарын қорғау үшін қажет.

Сүт және сүт өнімдерін міндетті түрде таңбалау толық, дұрыс және оқуға оңай болуы тиіс. Ол:

- өндіруші туралы және оның орналасқан жері туралы мәліметтер, шығу елін, сондай-ақ шағымдарды қабылдайтын ұйым туралы ақпаратты;

- тауар таңбасын (сауда белгісі) (бар болған жағдайда);

- таза салмағын (брутто салмағы – өндірушінің қалауынша);

- сүт немесе сүт өнімдерінің партия нөмірін;

- тағамдық және энергетикалық құндылық көрсеткіштерін;

- майдың массалық үлесі туралы ақпаратты (өнімнің жеке категориялары үшін - құрғақ заттағы май);

- сүт емес майдың құрамы туралы мәліметтер – сүт өнімдері бар өнімдер үшін;

- өндірілген күні және жарамдылық мерзімін;

- қаптама ашылғаннан кейін ерекшеліктері қоса отырып, сақтау шарттарын;

- өнім өндірілген нормативтік құжаттың таңбасын;

- ЕАЭО нарығында өнімді айналымға енгізу белгісін (ЕАО);

- ГМО-ның болуы туралы ақпаратты (қолданылған жағдайда) қамтиды.

Тұтынушылар сүт өнімдерін таңдағанда сақтық танытуы қажет. Рұқсат етілмеген сауда орындарында, соның ішінде «қолынан» өнім сатып алу ұсынылмайды, себебі мұндай жағдайда оның қауіпсіздігіне және сақтау шарттарының сақталуына кепілдік жоқ. Қаптаманың сыртқы түріне және таңбалаудың оқылғыздығына ерекше назар аудару қажет: кез келген зақымданулар, мәтіннің нашар оқылғыздығы немесе міндетті ақпараттың болмауы бұзушылықтарды көрсете алады.

   Сондай-ақ сақтау температуралық режимін сақтау маңызды. Сүт өнімдері өндіруші ұсынған температурада тоңазытқыш жабдығында болуы керек. Сақтау шарттарының бұзылуы өнімнің тез бүлінуіне және денсаулыққа қауіп тудыруына әкелуі мүмкін.

   Қаптаманы ашқаннан кейін көрсетілген сақтау мерзімі мен шарттарын қатаң сақтау қажет, өйткені ауамен жанасу бүліну процестерін жылдамдатады. Базарларда шикі сүт сатып алғанда сатушыдан ветеринарлық-санитариялық сараптамадан өткенін растайтын құжаттарды талап ету міндетті. Мұндай сүтті термиялық өңдеусіз ішуге рұқсат етілмейді – пайдалану алдында оны қайнату қажет.

    Өнімнің сапасы немесе қауіпсіздігіне қатысты күмәні туған жағдайда, тұтынушы оның белгіленген талаптарға сәйкес екенін растайтын құжаттарды сұрауға құқылы. Мұндай құжаттардың бірі – сәйкессіздік туралы декларация. Оның түпнұсқалығын Еуразиялық экономикалық комиссиясының ресми тізілімінен тексеруге болады.

    Осылайша, таңбалау талаптарын сақтау және сүт өнімдерін таңдауға жауапкершілікпен қарау тұтынушылардың тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және денсаулығын қорғауға мүмкіндік береді.

 

Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы
15 мая 2026
📌АПВ-ға қарсы екпелер 14–17 жастағы қыздарға қолжетімді болмақ
Қазақстан Республикасында 11 жастағы қыздарды адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы жоспарлы вакцинациялау, сондай-ақ 12–13 жастағы қыздарды толықтыра иммундау жалғасуда.
Ағымдағы жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша республика бойынша 11–13 жастағы қыздарға АПВ-ға қарсы 398 мыңнан астам профилактикалық екпе жүргізілді, оның ішінде 248 мыңы бірінші дозамен, 150 мыңы екінші дозамен егілді. Егілгендер арасында иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністер тіркелген жоқ.
Бұдан бөлек, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне АПВ-ға қарсы вакцинациялауға жататын контингентті кеңейту мәселесі бойынша азаматтардан өтініштер түсуде.
Осыған байланысты, АПВ-мен байланысты онкологиялық аурулардың даму қаупін төмендетуге бағытталған профилактикалық шараларды одан әрі күшейту, сондай-ақ жасөспірімдерді қосымша қорғауды қамтамасыз ету мақсатында ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2026 жылғы 13 мамырдағы № 7 «Қазақстан Республикасында 14–17 жас (қоса алғанда) аралығындағы қыздарға АПВға қарсы қосымша вакцинация жүргізу туралы» қаулысына қол қойылды.
Қаулыға сәйкес АПВ-ға қарсы вакцинация 14 жастан 17 жас 11 ай 29 күнге дейінгі қыздарға ерікті негізде жүргізіледі.
Айта кету керек, вакцинация егілушінің немесе ата-анасының (заңды өкілінің) ақпараттандырылған келісімін алғаннан кейін білім беру ұйымдарының медициналық кабинеттерінде немесе тіркелген жері бойынша емханаларда жүргізіледі.
Қосымша вакцинация АПВ-ға қарсы вакцинаның қолда бар қорлары есебінен жүзеге асырылады.
Социальные сети
facebook
Instagram
Меню подвал
Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Өмірлік жағдайлар
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері